Дәурен Әбиев өзінің екінші әйел алуға қатысты ойын да айта кетті
Театр және кино актері Дәурен Әбиев тоқал туралы ән орындағалы жатыр. Бұл туралы ол «Менің өмірім» бағдарламасында айтты.
Сұқбат барысында Дәурен Әбиев ән таңдауға аса ұқыптылықпен қарайтынын айтты. Ол жақында көптің назарында жүрген тақырыпта ән жаздырғанын да жасырған жоқ.
Кеше Бауыржан Өскенбековтен бір ән алдым. Қазіргі өзекті тақырып. Келіншегім қалай қабылдайтынын білмеймін, екінші әйелге арналған ән, бірақ бірінші әйелін де қосады. Әзіл ән. Әйелім біледі, көзінше бірнеше рет айтқанмын. Біртүрлі болып қалды, - деді актер.
Осы ретте ол екінші әйел алуға қатысты ойын да айта кетті.
50-ден асқаннан кейін болмаса, қазір керегі жоқ, жаспыз. Бірінші әйелімізді «қатырайық», балаларымызды өсірейік. Әйелден де басқа мәселе көп қой. Жалпы, тоқал тақырыбы Қазақстандағы ең өзекті мәселе болып тұр. Бірақ бұл әнді тек тоқалдар тыңдайтын сияқты, бәйбішелер тыңдатпайды. Ән соңында «Бәйбішемдікі дұрыс екен ғой» деген сөз бар. Содан кейін бәйбішелер мені жақсы көріп кетеді, - деді ол.