Nine Entertainment компаниясының спорт директоры қаладағы қызметкерлерге қырағы болуды ескертті
Францияда жазғы Олимпиада ойындарының басталуына бірнеше күн қалғанда екі БАҚ қызметкері тоналып, турист зорланды. Бұл туралы The Guardian басылымы хабарлады.
Nine Entertainment тілшісі Кристин Ахерн әріптесімен Париждің солтүстік-шығыс шетіндегі халықаралық хабар тарату орталығында жұмыс істейді. Олар 22 шілдеде түстен кейін үйіне қайтып келе жатқанда, бір топ адам шабуыл жасаған.
Бұл кәдімгі тонау болды. Өйткені олар рюкзагымызды тартып алуға тырысты. Ешқандай қару қолданбады, алайда шабуыл өте ауқымды болды. Екі жұмысшы қашып үлгерген. Дегенмен бұл – алаңдаушылық тудыратын үлкен мәселе, – деді журналист.
Бұған дейін 5 ер адам Австралиядан келген туристі зорлаған. Олимпиада құрамасының өкілдері болған оқиғадан хабардар. Австралиялық велошабандоз Анна Мирс оқиғаға қатысты пікір білдірді.
Маған бұл қорқынышты естіледі. Әлбетте, біз бәріміз зорлыққа тап болған әйелге түсіністікпен қараймыз. Оған қамқорлық танытып, қолдау білдіреміз, – деді Мирс.
Nine Entertainment компаниясының спорт директоры Брент Уильямс Париждегі қызметкерлерге қырағы болуды ескертті.