Туған қыздарын зорлап келген ауыл тұрғыны 25 жылға сотталды

Халық үні

22 жастағы қыздың айтуынша, ол 11 жасынан бастап зорлық көрген

фото: gipermed.ru

Алматы облысында апалы-сіңлілі екі қыздың өз әкесінен 10 жыл бойы зорлық-зомбылық көргеніне қатысты сот процесі аяқталды.

 

Іс материалдарына сәйкес, сотталушы 2010-2023 жылдар аралығында өзінің кәмелетке толмаған қыздарына зорлық-зомбылық жасаған. Олардың дәрменсіз жағдайын пайдаланып, зорлау арқылы жыныстық сипаттағы басқа да әрекеттерді қайталап жасаған және оларды өлтіремін деп қорқытқан.

Сот шешімімен 57 жастағы ер адам кінәлі деп танылып, 25 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске сала кетсек, 2023 жылдың 28 мамырында Еңбекшіқазақ ауданының Бөлек ауылында тұратын апалы-сіңлілер өз әкелерінен 10 жыл бойы қорлық көргенін айтқан болатын. Қазір кенжесі – 20, үлкені – 22 жаста. 22 жастағы қыздың айтуынша, ол 11 жасынан бастап зорлық көрген.

Әкем егер біреуге айтсаң, сенің де, сіңліңнің де, бауырларыңның да тамағын кесемін. Ал егер мойынсұнсаң, мен сені ұрмаймын деп қорқытты. Қатты қорыққандықтан үндемей, оның қалағанын істедім, – дейді жәбірленуші.

Артынша жағдай ушығып, әкесі 13 жасында кіші қызын қорлай бастаған.