×

ШҚО-да суға батып бара жатқан әйел құтқарылды

ТЖМ қазақстандықтарды суда жүзу ережелерін сақтауға шақырады

 Динара Амантай 24.07.2024 | 15:43
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысында суға батып бара жатқан әйел құтқарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Өскемен қаласы Ертіс өзенінің стационарлық құтқару станциясында патрульдеу жүргізу барысында жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Ерлан Бектұрысов пен Әділет Төреханов жағадан 5 метр қашықтықта көмекке шақырған айғайды естіген.

Құтқарушылар дереу көмекке асығып, суға батып бара жатқан 1994 жылы туған әйелді жағаға шығарды. Қазір құтқарылған әйел адамның жағдайы тұрақты, медициналық көмекке мұқтаж емес.

ТЖМ қазақстандықтарды суда жүзу ережелерін сақтауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама