Ер адам көшеде тамырын кескен
Ақмола облысының тәртіп сақшылары адам өмірін құтқарып қалды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бұл оқиға Көкшетауда тапа-тал түсте болған. Полиция қызметкері дер кезінде әрекет жасап, ер адамның өмірін сақтап қалды, деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігі.
Сақшының айтуынша, 23 шілде сағат 13.45 шамасында Көкшетау қаласының орталық алаңын патрульдеу кезінде патрульдік полиция батальонының қызметкері Cinema Alem кинотеатрының жанында белгісіз адамның тамырын кесіп жатқанын көрген. Жағдайды бірден бағалаған полицей азаматты әңгімеге тартуға тырысқан, – деп толықтырды ведомство.
Тәртіп сақшысы мұндай әрекеттің себебі жеке мәселелер екенін біліп, әңгімені үзбей, ақмолалықты жақын маңдағы стационарлық полиция бекетіне жеткізді. Ер адамға психологиялық көмек көрсетіліп, сақшы тұрғынның білегіне импровизацияланған құралдардан жгут салып, кейін жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Қазіргі уақытта азаматтың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, ол дәрігерлердің бақылауында.