Halyq Uni логотип
×

Көкшетауда вейптерді заңсыз сату фактісі анықталды

Елімізде вейптерге тыйым салынғанымен, олардың саудасы әлі қызып тұр

 Қымбат Елтайқызы 23.07.2024 | 17:50
Көкшетауда вейптерді заңсыз сату фактісі анықталды
фото: Halyq Uni

Көкшетауда полиция қызметкерлері вейптердің заңсыз сатылымын тоқтатты, деп хабарлайды Halyq Uni.

19 шілдеде Көкшетау қаласындағы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жергілікті массаж салоны әкімшісінің вейптерді заңсыз сату фактісін анықтады. Әйел ойын-сауық мекемесінің клиенттеріне тыйым салынған тауарларды сатқан, деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігі.

Осы фактіге қатысты ҚР ҚК 301-1-бабы 1-бөлігі (электрондық тұтыну жүйелерінің айналымы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер 20 маусымнан бастап Қазақстан заңнамасымен шегілмейтін темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сатуға, таратуға, сондай-ақ оларды жарнамалауға тыйым салынғанын еске салады, – деп толықтырды ведомство.

Вейптердің заңсыз саудасымен күресу үшін тәртіп сақшылары рейдтік және алдын алу іс-шараларын жүргізіп, интернет-кеңістікке бақылауды күшейтті. Құқық қорғау органдары азаматтарды күдікті адамдар әрі заңсыз сату жүзеге асырылуы мүмкін жерлер туралы хабарлауға шақырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама