Прокуратура 132 шақырым құбырды мемлекет меншігіне қайтарды
Қаратөбе ауданында ауылдық елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ететін 132 шақырым газ тасымалдау желілері иесіз қалған. Оларға уақтылы қызмет көрсету шараларын қолданбаудың салдарынан газдың үздіксіз жеткізілуіне ғана емес, сонымен қатар жергілікті тұрғындар мен қоршаған ортаның қауіпсіздігіне қатер төнген.
Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар прокурорлардың шаралары бойынша газ құбырын сот арқылы мемлекет меншігіне алған.
Газ құбырын мемлекет меншігіне алу алдағы уақытта газбен қауіпсіз қамтамасыз ету және газ құбырлары мен басқа да газ тарату желілерінің зақымдануын болдырмау бойынша тиісті шараларды іске асыруға мүмкіндік береді, – делінген прокуратура хабарламасында.