Алматыда туысын пышақтап өлтірген әйел ұсталды
Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Алматыда кісі өлтірді деген күдікке ілінген әйел ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кешкі сағат 17:00 шамасында Алмалы ауданындағы үйлердің бірінің кіреберісінде денесінде пышақ жарақаты бар ер адамның мәйіті табылған.
Адам өлтірді деген күдікпен «Буран-065» патрульдік полициясының экипажы әйел адамды ұстады. Ол жәбірленушінің туысы болып шықты. Олардың арасында жанжал туындап, күдікті әйел ер адамды пышақтаған. Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалды. Басқа да мән-жайлар анықталып жатыр, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.