Олар қалада жұмыс істеген
Алматы қаласында заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер анықталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қалалық көші-қон қызметі көршілес елдердің азаматтары курьерлік қызмет көрсетумен айналысып жүргенін анықтады, деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігі.
«Алматы қаласы Бостандық ауданында көші-қон заңнамасын өрескел бұзып, елімізде жүрген жеті шетелдік ұсталды. Оның үстіне олардың жеке басын куәландыратын құжаттары болмағандықтан, олар қабылдап-тарату бөліміне орналастырылды. Одан әрі құқық бұзушылар сот шешімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, туған еліне жер аударылады. Алматы – Қазақстанның ірі шаһары. Қаржы және мәдени орталығы ретінде шетел азаматтары мұнда жиі келеді. Дегенмен, біздің елге келу әрі мұнда болу талаптарын бұзбауға шақырамын», – деді Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының басшысы Асхат Бутунчинов.