Спортты дамыту дирекциясының басшысы аса ірі көлемде ақша жымқырған
Ол сыбайласымен бірге ұзақ жылға сотталды
Олимпиада түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясының басшысы 60 млн теңгеден астам бюджет қаржысын ұрлағаны және қарамағындағы қызметкерден 4 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, спортшыларға арналған спорт залдарын тегін алу мүмкіндігі бола тұра, еншілес тұлғалармен оларды жалға алу туралы мемлекеттік сатып алу шарттары жасау арқылы оқу-жаттығу жиындарына бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған.
Сонымен қатар, оған көмектескен дирекция қызметкері де сотталды.
Сот үкімімен әрқайсысына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, басшы 5 жылға, ал оның көмекшісі 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енді.