Halyq Uni логотип
×

Ауылдарда жүздеген алғашқы медициналық көмек нысаны салынады

Бұл ауылдық жерлерде медицина саласын дамытуға септігін тигізбек

 Қымбат Елтайқызы 23.07.2024 | 11:10
Ауылдарда жүздеген алғашқы медициналық көмек нысаны салынады
фото: Halyq Uni

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 355 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысанын салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасын іске асырудың қазіргі жағдайы қаралды. Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндады. Бүгінгі таңда Ұлттық жоба шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп мемелекеттік сараптама қорытындылары негізінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеп, байланыстыру жұмыстарын толығымен аяқтады, деп мәлімдеді Үкіметтің баспасөз қызметі.

Құрылысы жоспарланған 655 МСАК нысанының ішінде 22,9 млрд теңгеге 102 нысандағы құрылыс жұмысы аяқталды. Бүгінгі таңда облыс әкімдіктерімен жергілікті бюджеттерден 551 нысанға бірлесіп қаржыландыру көзделген. 441 нысанның құрылысы бойынша шарттар жасалды. 107 нысан бойынша конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатыр, – деп толықтырды ведомство.

Биыл 355 нысанның құрылысына республикалық бюджет және Үкімет резерві есебінен қаражат бөлу көзделген. 194 нысанның құрылысына қаржы министрлігімен бірлесіп бұрын қабылданған қаулыға өзгерістер енгізу арқылы Үкімет резервінен қаражат бөлу жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама