Halyq Uni логотип
×

Ақтауда алименттен жалтарған әке бас бостандығынан айырылды

Оның ісі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды

 Динара Амантай 23.07.2024 | 10:44
Ақтауда алименттен жалтарған әке бас бостандығынан айырылды
Фото: Depositphotos

Ақтауда алименттен жалтарған әке бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қала прокуратурасының мәліметінше, берешегі 3 млн теңгеден асатын ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Оның нәтижесінде қылмыстық іс Маңғыстау облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

2024 жылғы 5 шілдедегі соттың үкімімен оған 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама