Байзақ және Жамбыл ауданындағы 14 елді мекен қалаға қосылады
Тараз қаласының шекарасы өзгереді. Жамбыл облысы әкімдігінің қаулы жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Құжатта бұл шешімнің Тараз қаласы, Жамбыл және Байзақ аудандары әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсынысы негізінде қабылданғаны жазылған.
Осылайша, Жамбыл ауданының 11 257,9181 гектар жері, Байзақ ауданының 1 761,2014 гектар жерін Тараз қаласына қосып, облыс орталығының шекарасын өзгереді. Тараздың жалпы жер көлемі 31 798,0742 гектар болады.
Ал бұл өөзгерістерден кейін Жамбыл ауданының жері 412 402,0819 гектар болады, ал Байзақ ауданы жері 444 259,80 гектарды құрайды.
Айта кетейік, 2023 жылғы дерек бойынша қалада 422 мың адам тұрады.
Қала шекарасын өзгерті қаланың орталығында аз қабатты және орта қабатты құрылыс жүргізіп, қаланың солтүстік, солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс бөліктерінде орта қабатты және биік құрылысты және оңтүстік бөлігінде аз қабатты тұрғын үйлерді салып, халықты қоныстандырудың жаңа тұжырымдамасын қалыптастыруға ыкпал етеді, - деп мәлімдеді Жамбыл облысы әкімдігі.
Ал шекараны өзгерту барысында Байзақ және Жамбыл ауданындағы 14 елді мекен қаланың ішіне кіреді. Осылайша шығыс пен солтүстіктен Ақбұлым (4 022 адам), Талас (4 879 адам), Қызыл Жұлдыз (6 342 адам), Қоңыртөбе (484 адам), Шайқорық (4282 адам), Танты (214 адам) елді мекендері кіреді.
Батыс жағынан қала шекарасына Бектебе (3 292 адам) және Қызылшарық (1 315 адам) ауылдары кіреді. Екі ауыл да әуежайдың ұшу жолағына түседі. Оңтүстіктен Кемел (276 адам), Түрксіб (2 974 адам), Қала маңы (6 293 адам), Жалпақтөбе (9 836 адам) ауылдары кіреді.
Тараз аумағын ұлғайту пәтер мен жеке тұрғын үй салу үшін жер телімін алу кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар қосылған аумақтарда өндірістік қуатты дамыту жоспарланып отыр, – делінген түсіндірме құжатта.
Қорыта айтқанда қала аумағы ауданы 18 787 гектардан 31 798,7 гектарға дейін ұлғаяды.