Оның шені өскенін Instagram желісіндегі парақшасына жариялаған жаңа видеосынан оқырмандар байқап қойған
Бас прокуратура өкілдері мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанованың қандай қызметке тағайындалғанын айтты.
Өткен аптада Бишімбаев ісінде мемлекеттік айыптаушы болған Айжан Аймағанованың шені өскені мәлім болды, ол подполковник атанған.
Оның шені өскенін Instagram желісіндегі парақшасына жариялаған жаңа видеосынан оқырмандар байқап қойған. Аймағанованың қазір қандай қызметке тағайындалғанын Бас прокуратураның баспасөз қызметі өкілдері айтып берді.
Ол әділет кеңесшісі шенінде мемлекеттік айыптауды қолдау және апелляциялық сатыға қатысу басқармасының басшысы болып жұмыс істейді, - деп мәлімдеді прокуратура өкілдері.