Halyq Uni логотип
×

Ауылдық округ әкімі жергілікті тұрғынмен төбелесіп қалды

Аудандық полиция басқармасы тарапынан қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр

 Халық үні 22.07.2024 | 22:44
Ауылдық округ әкімі жергілікті тұрғынмен төбелесіп қалды
фото: Табылды Кадырбеков

Алматы облысы Тұздыбастау ауылдық округінің әкімі жергілікті тұрғынмен төбелесіп қалған.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, тұрғындардың бірі бекітілген бас жоспарға наразылық білдірген. Жаңа бас жоспар бойынша, азамат жер телімінің қызыл сызық бойына түсуіне келіспей, жанжал шығарған.

Қазір Тұздыбастау ауылдық округінің әкіміне қатысты Талғар ауданының әкімдігі мен Талғар аудандық полиция басқармасы тарапынан қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Әкімнің кінәсі дәлелденсе, оның әрекеті мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша әдеп жөніндегі кеңесінде қаралады. Ал тұрғын қосымша түсініктеме алу үшін 23 шілдеде аудан әкімінің аппаратына шақырылды, – делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.

Қазір ауылдық округ әкімдігі бұрынғыдай жұмысын жалғастырып отыр.

Әкімдік сайтындағы мәліметке сәйкес, Тұздыбастау ауылдық округінің әкімі қызметін 2023 жылдың ақпан айынан бері Шыңғыс Толымбеков атқарып келеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама