Halyq Uni логотип
×

Танымал блогер Дәулет Төлеутайұлы солтүстікке 5 отбасын көшірді

Жобаға 2022 жылдың 5-15 сәуір аралығында 1311 өтінім келген

Танымал блогер Дәулет Төлеутайұлы солтүстікке 5 отбасын көшірді
фото: dauletten

Танымал блогер, экономист, журналист Дәулет Төлеутайұлы солтүстікке 5 отбасын көшірді. Бұл туралы блогер өзінің Instagram парақшасында жазды. 

Бұл бастама «Бала-шағамен Солтүстікке» жобасы аясында жүзеге асқан. 5 сәуірде бастау алған қайырымдылық жобасының жоспары бойынша, қоныс аударған отбасыларға баспана, балаларды мектепке орналастыру және кәсіп бастауға 1 миллион теңге қайтарымсыз қаражат беріледі.

Жоба аясында солтүстікке қоныс аударған Аманжол мен Гүлмираның 6 баласы бар. Олар мұнда Жамбыл облысынан келген.

«Жобадан өткен кезекті отбасын таныстырсақ, Аманжол мен Гүлзира Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылынан көшіп келді. Олардың 6 баласы бар. Гүлзира ханым - фельдшер. Ал Аманжол мырза мал шаруашылығымен айналысқысы келеді. Оның ішінде қой шаруашылығын дамытуды жоспарлап отыр», - делінген хабарламада.

Солтүстікте үйлі болған Гүлмира Нұрғалиева халыққа ештеңеден қорықпай қоныс аудаурға кеңес беріп, өзіне көрші болуын тіледі.

Қор тарапынан қайырымдылық жоба қатысушыларына баспанадан бөлек төмендегідей көмек беріледі:

Ауылдан үй алынады;

6 ай бойы 60 000 теңге төленіп отырады;

Кәсіп бастауға қор тарапынан 1 000 000 теңге беріледі;

Оқушы балалардың жаңа оқу жылына мектеп құрал-жабдықтары алынады;

Үйінің ауласына картоп, сәбіз, орамжапырақ егуге бір реттік дәні (семена) алынады;

Қыс басталғанда бірінші жылы 8-10 тонна көмір беріледі;

Көшу, жол шығындары толығымен қор тарапынан төленеді;

Көшкен ауылда 3 жыл тұратын болса, үй атына аударылады. Оған дейін баспана қордың жеке меншігінде болады.

Жобаға 2022 жылдың 5-15 сәуір аралығында 1311 өтінім келген. Қоныс аударатын жандардың атқаратын жұмыстарына, бизнес идеяларына мән берілген. 

Бұдан бөлек арнайы сауалнамадан жоғары балл жинап «Бала-шағамен Солтүстікке» жобасында үздік танылған 5 отбасы:

1. Сұлтамұратов Аманжол – Нұрғалиева Гүлмира; Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы – 6 балалы отбасы

2. Әйтімов Айдос – Сатыбалдиева Әлия; Шымкент қаласы – 7 балалы отбасы

3. Салқымбай Эльдар – Мұхаметжан Айкүміс; Алматы облысы, Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округі – 5 балалы отбасы

4. Баймырзаев Абзал – Маханова Перизат; Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған бекеті – 5 балалы отбасы

5. Байғұлов Мұратбай – Ұзақова Гүлнұр; Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Бесшоқыауылы – 6 балалы отбасы

Серіктес жаңалықтары

Сараптама