×

Қосшы қаласының түлегі ҰБТ-дан 140 балл иеленді

Ол «Ағылшын тілі» пәні бойынша балдарды ауыстыру үшін IELTS халықаралық сертификатын ұсынды

 Халық үні 22.07.2024 | 20:57
фото: жеке мұрағат

 IELTS халықаралық сертификатының балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру және ҰБТ нәтижесін есепке ала отырып, Ақмола облысының Қосшы қаласындағы Р. Қошқарбаев атындағы №1 мектептің түлегі Айым Ержанова 140 балл иегері атанды.  
 
Айым ҰБТ-ны төрт пән бойынша тапсырып, 90 балл жинады. Сонымен қатар ол «Ағылшын тілі» пәні бойынша балдарды ауыстыру үшін IELTS халықаралық сертификатын ұсынды. Ережелерге сәйкес, IELTS балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш беріп, сертификаттың растығы анықталған соң ЖОО-ның қабылдау комиссиясы арқылы іске асады.

Осылайша, қазір Айым Ержанова 140 балдың екінші иегері атанды және конкурсқа ең жоғары балмен қатысады. Ол қазір жоғары білім алу үшін SDU университетін таңдаған.
 
Сондай-ақ IELTS халықаралық сертификатындағы балдарды ауыстыруды есепке алғанда, Ақмола облысы, Қосшы қаласының талапкері Мардан Күншығаров 139 балға ие болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама