Риддер орманында көшеттер заңсыз сатылып жатыр (ФОТО)
Әрбір көшет 15 500 теңге тұрады
«Риддер орман шаруашылығы» КММ басшылығы қылқанжапырақты көшеттерді қалауынша заңсыз сатып отыр. Бұл туралы «Әділдік жолы» РҚБ ШҚО филиалының басшысы Әділ Пішенов әлеуметтік желіге жазды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Оның жазбасына қарағанда, 16 шілдеде ел арасында «Стрижная» деп атайтын ауданда Лево-Уба орманында белгісіз біреулер, сірә сол Риддер орманының өз қызметкерлері де болуы мүмкін, биіктігі 3-4 метр болатын 200-ге жуық көшетті, сондай-ақ, Журавлиха орманының «Подхоз» ауданында да осыншасын сатуға дайындап қойған.
Ал Орман кодексіне сәйкес, «мәдени екпелер» аумағынан ағаштарды, көшеттерді (орманды қалпына келтіру үшін қажет) сатуға не басқа да әрекетке тыйым салынады. Тек тәлімбақтар мен жылыжайлардан ғана сатуға рұқсат етіледі.
Әрине, мекеме басшылығы да тыйым салынғанын жақсы біледі, бірақ соған қарамастан олар көптеген көшетті қазып алып, сатып отыр, – деп жазды қоғамдық белсенді.
Оның жазуынша, ҚМУ баға жазылған парағына қарағанда, биіктігі 2,3-2,7 метр болатын көшеттердің құны орау және орау материалдарын қоспағанда 15 500 теңге тұрады. Одан да биік көшеттердің бағасы жазылмаған, соған қарағанда олар сатылмайтын секілді.
Қоғамдық ұйым өкілінің айтуынша, биіктігі 2,5-3 метрлік қарапайым қарағай мен сібір шыршасының орташа бағасы еліміз бойынша 30 000 теңге, демек 400 көшет 12 млн теңге тұрады деген сөз.
Соған байланысты қоғамдық белсенді құзыретті органдардан осы дерек бойынша тексеру жүргізуді және нәтижелері бойынша ШҚО Табиғи ресурстар басқармасы мен КММ басшылығын қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрап отыр.