Алматыда «Алматы жастары» ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау 29 шілдеде басталады. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
Тұрғын үй сатып алуға жеңілдетілген несие алу үшін 35 жасқа дейінгі жастар 29 шілде мен 7 тамыз аралығында өтінім беруі қажет.
Бағдарламаға қатысу үшін өтінімді www.almaty-zhastary2024.kz сайты арқылы беруге болады.
Бұл үшін электрондық цифрлық қолтаңба қажет.
Бағдарлама аясында несие беру шарттары:
- Қарыздың ең жоғары сомасы – 18 млн теңгеге дейін;
- Пайыздық мөлшерлеме – 5%;
- Бастапқы жарна – 10%;
- Бастапқы және қайталама тұрғын үй алу мүмкіндігі.
Биыл 1 200 адам қамтылады деп жоспарланған.
Қойылатын негізгі талаптар:
- Қазақстан Республикасының азаматтығы;
- Өтінім беру кезінде өтініш берушінің және жұбайының (бар болса) Алматы қаласында тұрақты тіркеуі болуы;
- Өтінім беру кезінде қатысушы 35 жасқа толмауы керек, ал жұбайының (бар болса) жасы есепке алынбайды. Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде ерлі-зайыптының біреуі ғана қатыса алады;
- Қатысушының және оның отбасы мүшесінде меншік құқығында тұрғын үйдің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайының әдейі нашарлауы фактісінің болмауы.
- Қатысушының Алматы қаласында ең кемі соңғы 6 ай бойы міндетті зейнетақы аударымы бар жұмыс өтілі болуы қажет. Атап айтқанда, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ЖОО-лар және ҒЗИ, журналистер, әлеуметтік сала, құқық қорғау органдары, қалалық коммуналдық қызметтер және «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасы бойынша жалдаушылары (2019 жылы желтоқсан).