Қызылорда облысында суға батып бара жатқан қыз құтқарылды (ВИДЕО)

Динара Амантай

Оған медициналық көмек қажет болмады

Фото: видеодан скриншот

Қызылорда облысында ТЖМ қызметкері суға батып бара жатқан қызды құтқарды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ведомтсов өкілдерінің мәліметіне сәйкес, кеше Сырдария өзеніндегі Қармақшы ауданында бөлімше командирі, құтқарушы Шәкизат Әлқуат суға батып бара жатқан жерінен 2002 жылы туған қызды алып шықққан. Қазір қыздың жағдайы тұрақты, ол медициналық көмекке мұқтаж болмады.

ТЖМ барлық азаматтарды суға түсу ережелерін сақтауға шақырады.

 

ТЖМ суда қауіпсіздік ережелерін еске салады:

  • суға түсуге тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды;
  • тереңдігі белгісіз суға сүңгуге болмайды;
  • қалқымалардан асып жүзуге болмайды;
  • мас күйінде суға түспеңіз;
  • су көліктеріне жақын жүзбеңіз;
  • тәуліктің қараңғы мезгілінде шомылмаңыз;
  • балаларды қараусыз қалдырмаңыз.