Сот отырысы қызметтестерінің қатысуымен өтті
Қонаев қаласының мамандандырылған әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі ауданаралық сотында басшының бұйрығына бағынбаған екі сарбазға қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Іс құжаттарына сәйкес, биыл 8 шілдеде аталған азаматтар күн тәртібі бойынша бекітілген жоспарды бұзбау жөніндегі аға сержанттың ауызша бұйрығын елеместен, сол күні кешке шамамен сағат 20:00-де әскери бөлімшенің аумағынан қосалқы есік арқылы ескертусіз шығып, Алатау қаласына қашып кеткен.
Сот қаулысымен Н. және М. ҚР ӘҚБтК-нің 652-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, – делінген сот хабарламасында.
Әскери бөлімде осындай құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында сот отырысы сарбаздардың қызметтестерінің қатысуымен өтті.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.