Halyq Uni логотип
×

4 облыстағы су нысандарына жапондық сарапшылар зерттеу жүргізеді

Зерттеу нысаны ретінде 13 гидротехникалық құрылыс таңдалған

 Халық үні 22.07.2024 | 14:51
4 облыстағы су нысандарына жапондық сарапшылар зерттеу жүргізеді
Фото: Илья Наймушин

Елдің 4 облысындағы гидротехникалық нысандарға жапондық сарапшылар зерттеу жүргізеді. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Зерттеу нысаны ретінде 13 гидротехникалық нысан таңдалған.

Бұл мәселе министр Нұржан Нұржігітов, Жапонияның Қазақстандағы елшісі Джун Ямада мен Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) өкілдері кездесуінде талқыланған.

Агенттік мамандары биылғы су тасқыны кезінде өте үлкен көлемде су қабылдаған гидротехникалық құрылыстарды тексереді. Қазірге дейін Қостанай, Ақмола, Ақтөбе және Абай облыстары нысандары алдын ала визуалды тексерістен өткен.

Сондай-ақ су тасқынымен күресу үшін гидротехникалық құрылыстарды автоматтандыру мен цифрландыру мәселесі талқыланды. Оның ішінде су жіберу деңгейі мен көлемін анықтау үшін есептегіш қондырғы орнату жөнінде сөйлесті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама