×

Жетісу облысында жолдағы адам өлімі бойынша 70-ке жуық қылмыстық іс қозғалды

Жол апаттарының көбі қалалық және аудандық жолдарда болады

 Динара Амантай 22.07.2024 | 12:02
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында жыл басынан бері жол-көлік оқиғалары бойынша 203 қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, соңғы уақытта өңіре автомобиль жолдарында жол-көлік оқиғалары жиілеп кеткен. Атап айтқанда жыл басынан бері жол-көлік оқиғалары бойынша 203 қылмыстық іс тіркелді.

Оның ішінде 67 қылмыстық іс адам өлімі бойынша қозғалса, 19 іс мас күйінде көлік жүргізуге байланысты болды. Бұл ретте жүргізушілер көлікті басқару құқығынан айырылды. Шілденің 17 күнінде ғана жол-көлік оқиғалары бойынша 20 қылмыстық іс тіркелді, – деп атап өтті ПД анықтау басқармасы бастығының орынбасары Айдос Есімбеков.

Мұның бәрі қалалық және аудандық жолдарда болады, себебі онда көліктер саны күннен-күнге артып келеді және көптеген жүргізуші жол ережелерін сақтамайды. Полиция жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама