Теңізге секірген студент, су бетіне қайта шықпаған.
«Самал-2» ықшам ауданы маңындағы теңіз жағалауында қайғылы оқиға болды. Құтқарушылар бұл арада бір топ студент әлеуметтік желіге салу үшін видео түсірген, деп хабарлайды Лада басылымы.
Басылымның мәліметінше, видеоға түсу үшін студенттердің бірі кеме тоқтайтын орыннан теңізге секіріп кеткен, бірақ одан кейін ол су бетіне шықпаған.
«Суға батқан Бейнеу ауданы, Боранқұл ауылының 2002 жылғы тумасы Маңғыстау Өнер колледжінің бірінші курс студенті, Ақтау қаласындағы №5 жатақханада тұрған», - дейді Ақтау қаласы ТЖ басқармасы Азаматтық қорғаныс тобының офицері Төлегенов Азамат Мұхтарұлы
Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.