Еңбек тапшылығы бар өңірлерге 3296 қандас қоныстанған
2023 жылдың шілдесінен бастап Қазақстанда қандас мәртебесін берудің негізгі бес шартын қамтитын жаңа тәсілдер енгізілді. Бұл өзгеріс «Халықтың көші-қоны туралы» заңды іске асыру аясында енген. Оларды іске асыру шеңберінде өткен кезеңде қандас мәртебесі 10 563 этникалық қазаққа берілді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қандас мәртебесі мына шарттарды ескере отырып беріледі:
Министрлік дерегіне қарағанда, жаңа тәсілдер іске асырылған сәттен бастап еңбек тапшылығы бар өңірлерге қоныстану үшін 3 296 этникалық қазақ (1374 отбасы); агломерациялар аумақтарында және ауылдық елді мекендерде қоныстандыру үшін – 948 адам (475 отбасы); отбасымен және/немесе жақын туыстарымен қауышу үшін – 5 655 адам (2843 отбасы); бос жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін жұмыс берушілердің шақыруы бойынша орын – 593 адам (295 отбасы); жоғары оқу орындарының студенттері ретінде – 71 адам (69 отбасы) қандас мәртебесін алды.
Естеріңізге сала кетейік, этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуын ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясат еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап іске асырылып келеді. Осы жылдар ішінде Қазақстанға 1 137,1 мыңнан астам адам оралып, оларға қандас мәртебесі берілді.