Halyq Uni логотип
×

Қарағанды облысының әкімдігі зауыттағы тергеу барысын бақылауға алды

Қазір техникалық құжаттармен танысу жұмыстары жүріп жатыр

 Қымбат Елтайқызы 21.07.2024 | 18:01
Қарағанды облысының әкімдігі зауыттағы тергеу барысын бақылауға алды
фото: Halyq Uni

Қарағанды облысының әкімдігі ферроқорытпа зауытындағы тергеу барысы туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Halyq Uni.

«Сегіз адам зардап шеккен Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін еңбек заңнамасы шеңберінде арнайы комиссия құрылды. Оны еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Мұрат Қарақекілов басқарды. Комиссия құрамына барлық уәкілетті мемлекеттік орган өкілдері енгізілді», – деді әкімдік.

Оқиға орны тексерілді, жазатайым оқиғаның куәгерлеріне сауалнама жүргізілді. Қазір техникалық құжаттамамен танысу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жұмыстың барлығы облыс басшылығының үнемі бақылауында, – деп толықтырды ведомство.

Бұл оқиғаға байланысты ферроқорытпа зауытында ҚР ҚК 156-бабының 2-бөлігі бойынша «Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін Қарағанды зауытындағы апаттан зардап шеккен жұмысшылардың халі жайлы жазған едік. Сондай-ақ аталған зауыттың Ресей және Түркиядан дәрігерлер алдыртқаны жайлы да хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама