Ал 87 адам суға батып кетті
Қазақстанның су айдындарында шомылу маусымы басталғалы бері 50 күнде 160 адам құтқарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жыл басынан бері 55 мыңнан астам рейд жүргізіліп, құқық бұзған 11,5 мыңға жуық адам әкімшілік жауапқа тартылса, биылғы 1 маусымнан бастап 730 адам жазаланды, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.
Құтқарушылар еліміздің су айдындарында шомылу кезеңінің бірінші айында 160 адамды, оның ішінде 44 баланы құтқарды, – деп толықтырды ведомство.
Шомылу маусымы басталғаннан бері 87 адам, оның ішінде 35 бала суға батып кетті. Суға бату оқиғаларының басым бөлігі (85%) шомылуға тыйым салынған орындарда болды.
Адамдардың судағы өлімінің негізгі себептері: