×

Шығыс Қазақстанда есірткі курьері ұсталды (ВИДЕО)

Ол аса ірі мөлшерде гашиш сатуға тырысқан

 Қымбат Елтайқызы 21.07.2024 | 10:05
фото: Halyq Uni

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері есірткі курьерін құрықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Тәртіп сақшылары есірткі курьерінен шамамен 340 грамм гашиш тәркіледі. Күдікті қамауға алынды, деп мәлімдеді ШҚО полиция департаменті.

Көрші облыстың 28 жастағы тұрғыны Шығыс Қазақстан аумағында аса ірі мөлшерде есірткі сатуға тырысқан. Ұстау кезінде жедел уәкілдер оның көлігінің салонынан жалпы салмағы шамамен 340 грамм болатын өсімдік тектес есірткі заты – гашиш тәркіледі, – деп толықтырды департамент.

Сақшылар өткізу мақсатында есірткі заттарын сақтау, тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама