Ақтауда екі шағын ауданның жастары жаппай төбелесті (ВИДЕО)

Халық үні

31А және 31Б шағын аудандары арасындағы төбелеске қатысқан барлық адам бөлімшеге жеткізілген

фото: видеодан скриншот

Ақтаудағы жаппай төбелес фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Lada.kz хабарлады.

 

Басылымның жазуына қарағанда, бір күн бұрын желіде жастардың бір-бірімен төбелесіп жатқанын көрсететін бейне пайда болған. Полиция 31А және 31Б шағын аудандары арасындағы төбелеске қатысқан барлық адамның ұсталып, бөлімшеге жеткізілгенін хабарлады.

Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайды анықтау үшін жедел-тергеу іс-шараларының барлық кешені өткізіледі. Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді, - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.