Halyq Uni логотип
×

Маска таққан жігіт сал ауруына шалдыққан 16 жастағы қызды қуантты (ВИДЕО)

Мені анам 3 айлық кезімде тастап кеткен. Әкем басқа отбасымен тұрады, - дейді Айнұр

 Халық үні 20.07.2024 | 21:55
Маска таққан жігіт сал ауруына шалдыққан 16 жастағы қызды қуантты (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Жүзін қара маскамен жасырған жігіт тағы бір мұқтаж адамның баспаналы болуына себепші болды.

Сал ауруымен ауыратын Айнұр есімді 16 жастағы қыздың арманы орындалып, үйлі болды. Қыздың айтуынша, ол әжесімен бірге жалдамалы пәтерде тұрып келген.

Бүгін менің туған күнім. III топтағы мүгедекпін. Мені анам 3 айлық кезімде тастап кеткен. Әкем болса, басқа отбасымен бірге тұрады. Әжем екеуіміз жалдамалы пәтерде тұрамыз, - дейді ол.

Айнұрдың ең үлкен арманы – денсаулығын дұрыстап, дизайнер болу.

Анама ренішім бар. Туған баласын тастап кетуі дұрыс емес деп ойлаймын, - дейді Айнұр.

Бұл ретте қара маскадағы жігіт ең алдымен қыздың еміне ақша ұсынып, оған қоса баспана сыйлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама