Заңгер әлеуметтік желіде бұның әйелдерді қорлау екенін атап өтті
Халық банкі әйелдерді төмендететін жарнамасы үшін кешірім сұрады.
Халық банкі ресми парақшамызда жарияланған қате мазмұн үшін кешірім сұрайды. Өкінішке қарай, банк процестеріне қатысатын адамдар санының көп болуына байланысты біз контенттің бұл түрін дер кезінде реттей алмадық, - деп жазылған банктің Instagram-дағы ресми парақшасында.
Бір күн бұрын банк жарнамалық видео жариялады. Кадрда қыз бен көлік қатар көрсетіліп, сыртқы дауыс арқылы: «Саған дейін қанша иесі болғанын білгің келе ме?» деген сөз айтылады. Бұл ретте көрермен көлікті соңғы секундтарда ғана көреді.
Әйел мен көлікті бұндай салыстыру қазақстандықтарды ашуландырды. Заңгер Жанна Уразбахова әлеуметтік желіде бұның әйелдерді қорлау екенін атап өтті.
Банктің саясаты әйелдердің құқығын бұзуды немесе қадыр-қасиетін қорлауды мақұлдамайды. Бұл жағдай біз үшін үлкен сабақ болды және біздің ұжымда мұндай мазмұнды қабылдауға болмайтынын түсінбейтін адамдар бар екенін көрсетті.
Сондықтан қоғамдық ұйымдармен тығыз жұмыс істеп, қызметкерлерге гендерлік теңдік бойынша тренингтер санын көбейтіп, маркетингтік тәсілдерді қайта қарастыру туралы шешім қабылданды», – деген жауап жазды банк, видеоны өшіріп тастағаннан кейін.