Аптап ыстық пен өрт қаупі: Жексенбіге арналған ауа райы болжамы
Қазгидромет кезекті болжамын жариялады
Синоптиктер ертеңгі күн – 21 шілдеге арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жамбыл облысы
Аймақтың таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с болады. 21 шілдеде өңірдің батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысы
Өңірдің батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с жетеді. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысы
Аймақ тауларында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тауларында екпіні 15-20 м/с жетеді. Өңірдің оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысы
Түнде өңірдің таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ұлытау облысы
Аймақтың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың бытысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысы
Өңір орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысы
Аймақтың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні – 15-18 м/с.
Абай облысы
Өңірдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында – 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді. Семейде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні – 15-18 м/с.
Қарағанды облысы
Аймақтың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.
Атырау облысы
Түнде өңірдің батысында, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болады. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі күтіледі. Атырау қаласында күндіз найзағай ойнайды. Күндіз 36 градус қатты ыстық сақталады. Төтенше өрт қаупі күтіледі.
Қостанай облысы
Таңертең және күндіз аймақтың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Астана
Кей уақыттарда найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Ақтөбе облысы
Күндіз өңірдің батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысы
Түнде аймақта жаңбыр, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Петропавлда найзағай, күндіз бұршақ, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с.
Алматы облысы
Түнде өңірдің таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні – 18-23 м/с. Алматы қаласында түнде кей уақытта найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні – 15 м/с. Қонаевта оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні – 18 м/с.
Ақмола облысы
Күндіз аймақтың шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Көкшетауда таңертең және күндіз найзағай ойнайды.
Батыс Қазақстан облысы
Өңірдің батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні – 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Жанғала ауданында төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысы
Аймақтың батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауыспалы жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38-39 градус қатты ыстық болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда күндіз найзағай ойнайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.