Halyq Uni логотип
×

Қайтыс болған қазақстандық әйел бес адамның өмірін сақтап қалды

Инсульт алған әйелдің оқиғасы жайлы дәрігерлер айтып берді

 Қымбат Елтайқызы 20.07.2024 | 16:20
Қайтыс болған қазақстандық әйел бес адамның өмірін сақтап қалды
фото: stopfake.kz

University Medical Center мамандары үш пациентке донорлық органдарды трансплантациялады, деп хабарлайды Halyq Uni.

17 шілдеде University Medical Center клиникаларында орган трансплантациясын күту тізімінде тұрған үш пациентке донорлық органдарды трансплантациялау бойынша операциялар сәтті өтті. Донор геморрагиялық инсульт алған 44 жастағы әйел болды, дәрігерлер консилиумы ми өлімін тіркеді. Қиын жағдайда оның туыстары орган донорлығына келісім беріп, бес адамға өмір сыйлады, деп мәлімдеді UMC-тің баспасөз қызметі.

UMC Жүрек орталығында медициналық топ бұрын LVAD механикалық қан айналымын қолдау құрылғысы имплантацияланған 43 жастағы пациентке донорлық жүрек трансплантациясын жасады. Екінші пациентке өкпе трансплантациясы жасалды. UMC Ана мен бала орталығында 15 жасар қызға бүйрек трансплантациясы жүргізілді. Барлық реципиенттің жағдайы қанағаттанарлық. Олар мамандардың бақылауымен оңалтудан өтіп жатыр. Сондай-ақ, екінші донорлық бүйрек пен бауыр Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми онкология орталығындағы пациенттерге трансплантацияланды, – деп толықтырды UMC.

Донорлық органдарды трансплантациялау – ең күрделі операциялардың бірі. Алайда тәжірибе, дағдылар және техникалық жарақтандыру оларды біздің елімізде жоғары деңгейде орындауға мүмкіндік береді. Жүрек пен өкпе трансплантациясы қайтыс болғаннан кейінгі донордан, ми өлімі расталған кезде ғана жүзеге асырылады. Дегенмен одан кейінгі процесс көбінесе әлеуетті донордың жақын туыстарының шешіміне байланысты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама