Halyq Uni логотип
×

Солтүстік Қазақстанда заңсыз жүрген 5 мың адам жазаланды

Бұл - жыл басынан бергі көрсеткіш

 Қымбат Елтайқызы 20.07.2024 | 13:50
Солтүстік Қазақстанда заңсыз жүрген 5 мың адам жазаланды
фото: Halyq Uni

СҚО полицейлері ҚР аумағында тіркеусіз немесе құжатсыз тұрып келген 5359 азаматты жауапқа тартты,  деп хабарлайды Halyq Uni.

Маусым айында полиция қызметкерлері Жамбыл ауданының аумағында заңсыз еңбекпен айналысу фактісін анықтады. Салынып жатқан объектіде жұмыс істеп жүрген Өзбекстанның бес азаматының жұмыс істеуге рұқсаты болмаған. Нәтижесінде шетелдіктерді де, олардың жұмыс берушілерін де әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылданды. Сот шешімімен шетелдік бес азаматтың барлығы Қазақстаннан шығарылды, деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігі.

СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбіловтің ақпараты бойынша, 6 ай ішінде халықтың көші-қоны саласындағы Қазақстан заңнамасын бұзғаны үшін 201 шетелдік және 38 жұмыс беруші әкімшілік жауапқа тартылды. Жыл басынан СҚО-да көші-қон қызметі бөліністерінің қызметкерлері Қазақстан аумағында тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрғаны үшін 5359 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке және заңды тұлғалардың тарапынан халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзудың 302 дерегі тіркелді. Ел аумағынан 57 шетелдік шығарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама