×

15 тәулікке қамалған Қайрат Нұртасты шығарып алуға бір топ адам жиналды (ВИДЕО)

Ешбір ананы баламен сынамасын, - дейді анасы Гүлзира Айдарбекова

 Халық үні 20.07.2024 | 07:29
фото: видеодан скриншот

Басы дауға қалып, 15 тәулікке қамалған әнші Қайрат Нұртас бостандыққа шықты. Оның қамаудан шыққан сәтін Otyrar.kz тілшілері видеоға түсіріп алған.

Кадрдан әншінің темір тордан шығып, жақындарымен қауышқанын көруге болады. Ата-анасы оған арнайы Алматыдан ұшып келген. Олар тұңғышын қатты құшақтап, көз жасына ерік берді. Сонымен қатар Қайрат Нұртасқа бірқатар адам қолдау білдіріп келген.

Өнер иесі жақындарымен қауышқаннан соң бірден көлігіне отырып, кетіп қалған. Алайда басы дауға қалған ол өзінің қазіргі жағдайына қатысты пікір білдіріп үлгерді.

Денсаулығым, бәрі жақсы, шүкір. Рақмет, - деп қысқа қайырды ол жауабын.

Осы ретте әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова да қуанышын жасырмады.

Қуаныштымын. Ешбір ананы баламен сынамасын. Бәрін Аллаға тапсырайық. Бәрі жақсы болсын, - деді продюсер.

Еске сала кетсек, 5 шілдеде Қайрат Нұртастың үстінен іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады. Дәл сол күні әншіге қатысты сот отырысы өтті. Ол ұшақ бортында ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылған болатын. Сол үшін 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама