Қазақстандықтар 22 шілдеде автокөліксіз жүрмек

Халық үні

Азаматтарға қоғамдық көлік, велосипед, скутер немесе жаяу жүруге кеңес берілді

фото: kwatoria.ru

Елімізде 22 шілдеде «Автокөліксіз күн» челленджі өтеді, деп хабарлады 24.kz.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында отандастырымыз бір күн көліктен бас тартпақ. Осылайша, ауаның ластануы мен улы газдардың бөлінуін азайту көзделіп отыр.

Ұйымдастырушылар азаматтарға қоғамдық көлік, велосипед, скутер немесе жаяу жүруге кеңес береді.

Қатысушылар #Автокөліксізкүн хэштегін қолдана отырып, әлеуметтік желілерде фото немесе бейнероликтер бөлісе алады.