Halyq Uni логотип
×

Ақтөбеде екі жігіт әріптес әйелді интимді видеосы арқылы бопсалаған

Жәбірленуші оларды кешіріп, түрмеге қамамауды өтінген

 Халық үні 19.07.2024 | 20:13
Ақтөбеде екі жігіт әріптес әйелді интимді видеосы арқылы бопсалаған
фото: morozvest.ru

Ақтөбе облысында әріптесінен ақша бопсалаған екі ер адамға сот үкімі шықты.

Интимдік сипаттағы видеоның жігітке қалай жеткені белгісіз. Алайда қолына айғақтарды алған ол досын видео кейіпкерін бопсалауға шақырған.

Алғашында екі ер адам әйелден 150 мың теңге талап еткен. Кейін видеоны әлеуметтік желіде таратамыз деп қорқытып, 300 мыңға дейін көтерген. Әйел бопсалаушылардың айтқанына көнбей, олардың үстінен полицияға арыз жазған.

Бопсалаушылардың бірі ақшаны алып жатқан жерінде ұсталса, екіншісі арада көп уақыт өтпей қолға түсті. Алайда жәбірленуші оларды кешіріп, түрмеге қамамауды өтінген.

Сот жігіттердің бірін 4 жылға, екіншісін 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама