Көші-қон қызметі өтініш берушілердің барлық дәлелі мен себебін зерделейді
Биыл Абай облысында 108 шетелдік азамат Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Көші-қон қызметі басқармасына Ресей Федерациясының 47 жастағы азаматы Қазақстан Республикасында тұрақты тұру туралы өтінішпен жүгінді. Оның айтуынша, Абай облысының аумағында күтімді қажет ететін егде жастағы анасы тұрады. Көші-қон қызметі тарапынан заң шеңберінде өтініш берушінің барлық дәлелі мен себебі зерделеніп, қысқа мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Қазір Ресей азаматы Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алды.
Айта кетсек, Абай облысының көші-қон қызметі жыл басынан бері 108 шетелдікке Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға құжат дайындады.