Halyq Uni логотип
×

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты қылмыстық іс сотқа жетті

30 сәуірде экс-министрдің ұсталғаны хабарланды

 Айгерім Таубай 19.07.2024 | 17:07
Экс-министр Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты қылмыстық іс сотқа жетті
Фото: Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі

Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты қылмыстық іс сотқа жетті. Ақпаратты Астана қаласы сотының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ерлан Тұрғымбаев қылмыстық кодекстің 362-бабының 4-бөлігінде көрсетілген құқықбұзушылықты жасады деген күдікке ілінген. Бұл бапта қызметтік міндетін орындау кезінде билiктi немесе лауазымдық өкiлетін асыра пайдалану әрекеті көрсетілген.

2024 жылдың 30 сәуірінде бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталғаны хабарланды. Бас прокуратура 2022 жылғы Қаңтар оқиғасына байланысты қылмыстық істерді тергеуді жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

Ерлан Тұрғымбаев 2019-2022 жылдары ішкі істер министрлігін басқарды. Содан кейін Қазақстан президентінің кеңесшісі болды. Ол бұл қызметтен жарты жылдан кейін босатылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама