×

ШҚО-да екі шетелдік экстремистік мазмұндағы кітаптарды таратқан

Оларға 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды

 Динара Амантай 19.07.2024 | 11:32
Фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында екі шетелдік экстремистік мазмұндағы әдебиеттерді таратқаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, тыйым салынған материалдар облыс орталығы тұрғындарының әлеуметтік желілерінде анықталған. Екі адам өздерінің смартфондарында сот экстремистік деп таныған және Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, басып шығаруға және таратуға тыйым салынған діни мазмұндағы кітаптарды сақтап қана қоймай, оларды танымал әлеуметтік желілердің кеңістігінде бөліскен.

Атаған факті бойынша 28 және 27 жастағы шетелдіктерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.  Сот қаулысымен олар аталған құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, – делінген полиция хабарламасында.

Шетелдіктерге 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама