Halyq Uni логотип
×

Ақтөбеде 5 жыл бұрын берілген тұрғын үй апатты жағдайда тұр

Қылмыстық іс сотқа жолданды

 Халық үні 19.07.2024 | 10:28
Ақтөбеде 5 жыл бұрын берілген тұрғын үй апатты жағдайда тұр
Фото: gov.kz

Ақтөбеде тұрғын үйді сапасыз салды деген күдікке ілінген кәсіпкерлерге қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Бұл туралы өңір прокуратурасы хабарлады.

Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы, 278-бабының 2-бөлігі және 280-бабының 1-бөлігімен (алаяқтық, сапасыз салынған құрылыс және сараптамалық жұмыстарды немесе инжинирингтiк қызметтер көрсетуді тиісінше орындамау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.

2018 жылы Ақтөбе құрылыс басқармасы мен «Машат» ЖШС арасында Ақтөбеде жалпы сомасы 337 миллион теңгеден астам 24 пәтерлік екі тұрғын үйдің құрылысына келісім жасалған.Тұрғын үйлердің құрылысы кейіннен қосалқы мердігер «Агро-Сервис» ЖШС-ға берілген.

Көппәтерлі тұрғын үйлер 2019 жылдың қазанында пайдалануға берілген.

Алайда құрылыс аяқталғаннан кейін үйлердің іргетасында әртүрлі жарық пайда болған.

Мамандардың қорытындысына сәйкес, үйлер апатты жағдайда және пайдалануға жарамсыз деп танылып, бұзуға ұсынылған.

Жиналған дәлелдемелердің негізінде күдіктілерге қатысты «үйқамақ», сондай-ақ «кепіл» түріндегі бұлтартпау шаралары таңдалды.

Қазір облыс прокуратурасы төрт күдіктіге қатысты қылмыстық істі Ақтөбе қаласының №2 сотына жолдады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама