×

Көршісінің әжетханасында көз жұмған Асылымды біреулер өлтірген болуы мүмкін - журналист

2 күн бұрын дәл сондай оқиға сол ауылдағы сол көшеде қайталанды

 Халық үні 19.07.2024 | 19:27
фото: әлеуметтік желіден

Сарығашта осыдан бір ай бұрын көршінің әжетханасында көз жұмған Асылым есімді кішкентай бүлдіршінді біреулер өлтірген болуы мүмкін. Белгілі журналист Гүлмира Әбіқайдың Facebook-тегі пaрaқшaсына Асылымның өліміне өзге біреулердің қатысы бар болуы мүмкін деген ақпарат жарияланды.

Сарығашта 2 ай бұрын туалетке түсіп өлген кішкентай Асылым есіңізде ме? Сөйтсек, ол өзі түспеген екен. Бөгде адамның қатысы бар, – деп жазған әріптесіміз өзінің сторисына.

Журналистің айтуынша, осыдан екі күн бұрын тура осындай жағдай қайталанған. Абырой болғанда, 5 жасар қызды көршілер құтқарып алған. Бірақ оқиғаның нақты қалай болғанын ашып жазбаған. Ал осыдан екі күн бұрын дәл сондай оқиға сол ауылдағы сол көшеде қайталанған еді. Бұл жолы 5 жасар қызды көршілер құтқарып қалыпты. 

Дәл қазір осы сауал Түркістан облысының Сарыағаш ауданы, Сіргелі ауылында үрей туғызуда. Есте болса, 16.05.24 осы ауылдың Мамаев көшесінде тұратын 3 жасар қыз жоғалып еді. Бүкіл ел болып іздеп, алаңдап, тілеуін тіледік. Өкінішке қарай, 3-тәулікте кішкентай Асылымның денесі көршінің дәретханасынан табылды. Бұл қалай деп талайымыз бас қатырдық, сенбедік. Дегенмен тергеу «жазатайым оқиға» деп, кінәлі жан табылмады. Енді қараңыз, сол ауылда сол көшеде, марқұммен көрші тұратын 5 жасар қыз да 2 күн бұрын дәл осындай оқиғаны бастан кешеді. Айтуына қарағанда, оны бір адам «Жүр, кішкентай көжектер көрсетемін» деп шақырған. Ары қарай қорқынышты енді, - дейді журналист.

Еске сала кетсек, Түркістан облысының Сарыағаш ауданында із-түзсіз жоғалып, 3 күн бойы іздестірілген 3 жасар қыздың денесі көрші үйдің дәретханасынан табылған еді. Қайғылы оқиға Сіргелі ауылында болған. Бүлдіршін таңғы асты ішіп болған соң үлкендер әрлі-берлі жиналғанша, жоғалып кеткен. Кейін қызды күллі ауыл болып, 3 күн іздеген. Ауылдағы барлық құдық, дәретхана, құбырлар сорғызылып, қаралған.

Алайда 3 күннен соң бүлдіршіннің денесі қарама-қарсы көрші үйдің дәретханасынан табылды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама