Әнші Әбдіжаппар Әлқожа бостандыққа шықты
Әнші 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған болатын
Бостандыққа шыққан әнші Әбдіжаппар Әлқожа Instagram-дағы парақшасында киімін өртеген видеосын жариялады.
Видеода темір жол бойында отырған әншінің киімін өртеп жатқаны көрініс тапты.
Күйін кештім мен бүгін! Көкбөрілердің жаралы. Адым сайын аңдыған Қақпаннан сирақ қанады. Арландарым атылып Бөртелер кезді даланы, Айналамның барлығы Шибөрі болып барады. Балақтан тартқан әр итке көңіл бөлсең сапарыңнан қаласың, - дейді ол.
Айта кетейік, 6 шілдеде Әбдіжаппар Әлқожаның ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Өнер иесі құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған.