Halyq Uni логотип
×

Әділет министрлігінде жаңа үш комитет құрылды

Жаңа комитеттер саладағы қызмет көрсетуді жақсартады деп жоспарланған

 Халық үні 18.07.2024 | 17:00
Әділет министрлігінде жаңа үш комитет құрылды
Фото: Halyq Uni

Әділет министрлігінде жаңа үш комитет құрылды. Бұл қатарда зияткерлік меншік құқығы, мәжбүрлеп орындату, тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру комитеті бар.

Жаңа комитеттер осы саланы реттеу мен қызмет көрсетуді жақсартып, жедел шешім қабылдауы қажет.

Бұл ұсынылған қызмет сапасын жоғарылату және жылдамдықты арттыруды, сондай-ақ азаматтардың және ұйымдардың құқығын қорғауды қоса алғанда бірқатар жетістіктерге алып келеді, - деп жоспарлап отыр Әділет министрлігі.

Зияткерлік меншік құқығы комитеті шығармашылық пен инновацияны дамытып, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау мәселелерімен айналысады.

Бұл патент пен авторлық құқықты тиімді басқаруға, сондай-ақ ғылым, технология және мәдениеттің дамуына жол ашады, - деп хабарлады ведомство.

Мәжбүрлеп орындату комитеті сот орындаушылары іс-әрекетінің заңдылығын сақтауға, халықпен тығыз жұмыс істеуге, азаматтардың бұзылған құқықтарын жедел қалпына келтіруге жұмыс істейді. Сондай-ақ атқарушылық іс жүргізуді жаңғыртуға басымдық береді.

Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру комитеті заңды тұлғаларды тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқық, нотариаттық және адвокаттық қызметті реттеу саласындағы бақылауды жүзеге асырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама