×

Лудомандарды диспансерлік есепке қоймай емдеудің жаңа тәртібі енгізілді

Оларға енді сапалы тегін медициналық көмек көрсетілмек

 Қымбат Елтайқызы 18.07.2024 | 16:30
фото: ҰҚК

Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев атап өткендей, бұл лудомандарды сапалы тегін медициналық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Halyq Uni.

«Лудомандар мемлекеттік клиникалардан көмек сұрамайтыны белгілі. Есепке алынған азаматтар ЖОО-ға түсе алмайды, әскерде қызмет ете алмайды және жұмысқа орналаса алмайды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 19 лудоман ресми есепте тұр. Әрине, бұл статистика нақты жағдайды көрсетпейді. Пациенттердің көбі өте көп ақша жұмсап, жеке ұйымдарда оңалтудан өтеді. Енді мемлекеттік клиникаларда да анонимділік қамтамасыз етіледі», - деді спикер ОКҚ брифингі барысында.

Сондай-ақ, жаңа заңға сәйкес, ойын бизнесін заңсыз ұйымдастырушылардың пайдасына төлемдер жасауға тыйым салынады.

Заң күшіне енгеннен кейін онлайн-казино ұйымдастырушылар Қылмыстық кодекстің 307-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ойын бизнесін заңды ұйымдастырушыларының тізімі министрліктің сайтында және Е-лицензиялау порталында орналастырылған», - деді вице-министр.

Заңмен лотерея терминалдары мен тираждық электрондық лотереяларға (лотоклубтарға) тыйым салынды. Лотерея операторының электрондық өнімдері оның ресми интернет-ресурсында және мобильді қосымшасында ғана болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама