Қызылордада 385 жасөспірім полицияға жеткізілді
Сондай-ақ 24 ата-анаға хаттама толтырылды
Қызылордада «Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасы барысында 385 жасөспірім полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Іс-шараның 3 күнінде 361 кәмелетке толмаған балаға әртүрлі әкімшілік құқықбұзушылықтар жасағаны үшін, ал қалған 8 жасөспірім қадағалаусыз және панасыз қалғаны үшін ПД-ға жеткізілген.
Жүргізілген рейдтердің нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы («Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау») бойынша ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 24 ата-анаға хаттама толтырылды.
Ал ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы («Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы») бойынша барлығы 346 кәмелетке толмаған бала анықталып, олардың заңды өкілдеріне хаттама рәсімделіп, профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.