Алматыда бір күнде 8 мың вейп тәркіленді

Динара Амантай

Тыйым салынған өнімдер онлайн платформаларда сатылған

Фото: polisia.kz

Алматыда бір күнде 8 мың вейп тәркіленді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, күдіктілер мессенджерлер арқылы тауардың саны мен жеткізілетін мекенжайы көрсетілген онлайн тапсырыстар алып отырған. Сатып алушыға жеткізу курьерлік қызметтер арқылы іске асырылды.

Тексеру барысында вейп жіберу орындары көпқабатты үйлердің жертөлесінде, компьютерлік клубтардың ішінде орналастырылғаны анықталды. Бұрын ресми істеген дүкендер сатуға тыйым салынып, жабылып қалғаннан кейін вейптерді онлайн түрде сатып отырған. Тек соңғы 24 сағаттың ішінде заңсыз айналымнан 8 мыңнан астам вейп пен оның құрамдас бөліктері тәркіленді, – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.