Шығыс Қазақстан облысында былтыр жөндеуден өткен асфальт көшелер бұрынғы күйіне түскен. Бұл туралы «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі ШҚО филиалының басшысы Әділ Пішенов әлеуметтік желідегі парақшасына жазды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Пішенов мамырда Марқакөл ауданы Марқакөл ауылына барып, жолдарды орташа жөндеуге мониторинг жүргізген. Сапар барысында бірқатар деректі анықтаған:
Қоғам белсендісінің жазуынша, бәрін қосқанда шамамен 1,5 шақырым жолға 59 253 710 теңге жұмсалған. Тапсырыс беруші – Марқакөл ауылдық округі әкімдігі, орындаушы – «Маркакөл жолдары» ЖШС. Шарт 26 сәуірде жасалып, жұмыстар мамырда бітуі керек болған.
Осы мәселе бойынша филиал басшысы ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен экономикалық тергеу департаментіне жүгінген. Нәтижесінде ШҚО Ішкі аудит департаментінен ешқандай кемшілік жоқ екені және Марқакөл ауылы әкімдігінің анықтамасына сәйкес жұмыстың бәрі тәртіппен жасалғаны жөнінде жауап келген.
Ал біткен жұмысты техникалық қадағалаушы жеке кәсіпкер қабылдап алған, соған байланысты ол тексерілмеген. Сондай-ақ ШҚО Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы да орташа жөндеу олардың құзырына жатпайтындынын айтып, бас тартқан.
Айта кетейік, аталған жеке кәсіпкермен былтыр 27 маусымда шарт жасалған. Ал орташа жөндеу туралы шарт бойынша жұмыстар мамырда аяқталуға тиіс еді. Техникалық қадағалаушы асфальтты төсеп жатқанда және жұмыстарды қабылдау кезінде қатысуға тиіс болса, ол өз қызметін құжаттағы мерзім бойынша асфальт төсегеннен кейін жүргізген. Болмаса жұмыстың өзі мерзімінен кешіктірілген.
Сайып келгенде, кемшілік бар, бірақ асфальттың сапасыз төселгенін және төсеу технологиясын бұза отырып салғанын дәлелдей алмай отырмыз. Бір де бір мемлекеттік орган бас ауыртқысы келмейді. Ешкім қарапайым ауыл тұрғындарының өміріне алаңдамайды. Кімге сенеміз? Біреу осы жолда апатқа ұшыраса оған кім жауап береді?, - дейді Әділ Пішенов.