×

Алматы облысында қар барысы камераға түсіп қалды

Қазақстанда шамамен 120-130 жыртқыш бар

 Дастан Жұмабекұлы 07.06.2022 | 17:33
фото: undp.org

«Көлсай көлдері» ұлттық саябағында қар барысының сирек кездесетін түрі түсірілген.

Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.

Қазақстанда жыртқыштар тек екі қорықта - Алматыда және «Ақсу-Жабағылыда» кездеседі. Қар барыстары Қызыл кітапқа жойылып бара жатқан жыртқыш ретінде енгізілген.

Қазақстанда барыс мемлекеттің қорғауында. Ал Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы туралы айтсақ, ол Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігі мен Өгем жотасын алып жатқан Қазақстандағы тұңғыш қорық. Жамбыл облысының Жуалы ауданы мен Түркістан облысының Түлкібас ауданы аумағында орналасқан. Қорық Ақсу және Жабағылы атты екі өзеннің арасына орын тепкен. Бұл жерлерде де қар барыстары көптеп кездеседі.

Қорықтың жалпы аумағы - 131 934 гектар. Ол 1926 жылы құрылған.

Қолда бар мәліметке қарағанда, болжам бойынша Қазақстанда 120-130 шамасында қар барысы тіршілік етсе, олардың саны жыл өткен сайын азайып келеді.

Қар барысы жер бетіндегі сирек кездесетін және ұстатпайтын жыртқыштардың бірі.

Бүгінде ғалымдар қар барысы мекендейтін жүзден астам жерде түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізгенімен, олардың әлемдік популяциядағы нақты санын кесіп айта алмайды. Тек, жойылып кету алдында тұрған жануарлардың саны 4 мыңдай ғана деп болжам бар. Дүниежүзiлiк жабайы табиғат қорының дерегі бойынша әлемде тек 4 мың қар барысы қалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Ішінде бірде-бір орыс жоқ»: Астрахань облысында қазақтарды соғысқа аттандырып жатыр

Видео авторының айтуынша, әскери жұмылдыруға алынған азаматтардың басым бөлігі қазақтар  
24.09.2022 | 19:50

Талдықорғанда иттердің төбелесін ұйымдастырған ер адам жазаланды

22 жастағы қала тұрғыны төбелес видеосын әлеуметтік желіге жүктеген
24.09.2022 | 18:03

Петропавлда ормандағы ағашты отағандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

 Кәсіпкер ағаштарды заңсыз отап тастаған
24.09.2022 | 17:36