×

Маңғыстаудағы Кіші Оймаша көлінің маңы қоқыстан тазартылды

Тазалық акциясына 50-ге жуық адам қатысқан

 Халық үні 18.07.2024 | 12:00
Фото: Мұнайлы ауданы әкімдігі

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында «Сәтті сәрсенбі» экологиялық акциясы өтті. Акция Атамекен ауылындағы Кіші Оймаша көлінің маңында және басқа да бірқатар жерде өткізілген.

Көл маңындағы тазалық жұмысына аудан әкімдігінің құрылымдық бөлімдері мен ауданға қарасты мемлекеттік мекеме қызметкерлері, Атамекен ауылдық округінің әкімдігінің қызметкерлері, AMANAT партиясы Мұнайлы аудандық филиалының мүшелері қатысты.

Тазалық акциясына 50-ге жуық адам қатысып, 8 тоннадан астам қоқыс шығарылды. 

Оймашы көлінің маңы ашық алаң болғандықтан, құрылыс қалдықтарын тастау фактілері жиі болады. Біздің негізгі жоспарымыз – иесіз жерге қоқыс тасталуға жол бермеу. Біз тазалап жатқан аумақ 2 гектарды құрайды. Тазалық акциясына қатысқан азаматтардың көмегімен 8 тоннаға жуық қоқыс сыртқа шығарылды. Ауыл тұрғындарын да осындай тазалық шараларына атсалысуға шақырамыз, - деді Атамекен ауылының әкімі Ерлан Қайнаров.

Акция аудан бойынша бір уақытта 5 жерде жүргізілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама